"Астана" Украинаның 13 дүркін чемпионынан ойсырай ұтылды

©Астана ФК

"Астана" футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында "Шахтермен" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жолдастық матчта Украинаның 13 дүркін чемпионы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кеншілер сапында Михаил Мудрик (2-минут), Тете (89) және Давид Нерес (90) ерекшеленді.

Еске салайық, елордалық ұжым кездесу алдында Денис Поляковтың командаға қосылғанын жариялаған болатын.

Биылғы Қазақстан чемпионатының маусымы 5 наурызда басталады. Бірінші турда "Астана" өз алаңында Қарағандының "Шахтерін" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport