"Астана" футболшылары ұлттық құрамаларына шақырту алды

©abff.by

Футболдан Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев Сирия мен Оманға қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысатын футболшыларының тізімін жариялады. Құрамаға шақырту алған футболшылардың қатарында "Астана" ойыншылары Денис Поляков пен Макс Эбонг та бар, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Сирияға қарсы кездесу 17 қараша күні Дубай қаласында, Оманға қарсы ойын 20 қарашада өтеді. Бірақ екінші матчтің қайда өтетіні қазір белгілі емес. 

Бұл ойынға қатысатын Беларусь құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Максим Плотников ("Шахтер", Солигорск); Андрей Кудравец (БАТЭ, Борисов), Сергей Игнатович ("Ислочь", Минск) 

Қорғаушылар: Денис Поляков ("Астана", Қазақстан); Сергей Политевич, Глеб Шевченко (екеуі де - "Шахтер", Солигорск), Кирилл Печенин ("Оренбург", Ресей), Александр Сачивко, Максим Швецов (екеуі де - "Динамо-Минск"), Данила Нечаев, Владислав Малькевич (БАТЭ, Борисов), Захар Волков ("Химки", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Владислав Климович ("Неа Саламина", Кипр), Евгений Яблонский ("Арис", Лимассол, Кипр), Макс Эбонг ("Астана", Қазақстан), Никита Корзун ("Шахтер", Солигорск), Валерий Громыко, Валерий Бочеров (екеуі де - БАТЭ, Борисов), Денис Гречихо ("Динамо-Минск"), Кирилл Капленко ("Оренбург", Ресей);

Шабуылшылар: Иван Бахар ("Динамо-Минск"), Владимир Хващинский ("Минск"), Егор Богомольский ("Нефчи", Баку, Әзірбайжан).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport