Аргентинаның финалдағы қарсыласы анықталады. Франция - Марокко матчіне трансляция

14 желтоқсан 2022 09:15
©

15 желтоқсанға қараған түні Катардағы әлем чемпионатының екінші жартылай финал матчі өтеді. Бүгін Франция мен Марокко құрамалары финалға шығу үшін таласқа түседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Эль-Байт" стадионында өтетін ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады. Qazsport бұл матчті тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Бұл кездесуге мексикалық Сесар Артуро Рамос төрелік етеді.

Еске салайық, түнгі ойында Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебімен ұтып, финалға шыққан бірінші команда болды.

Финал 18 желтоқсанға белгіленген, ал бір күн бұрын үшінші орын үшін матч өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport