"АПОЭЛ-ді жақсы танимыз". Әли Әлиев КЛ-дегі қарсыласы жайлы

©Қызыл-Жар ФК

"Қызыл-Жар" бас бапкері Әли Әлиев АПОЭЛ-мен ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Кипрдегі қонақжайлыққа алғысымды білдірем. АПОЭЛ біз үшін жақсы таныс командалардың бірі. Қазақстандық клубтар осы кезеңде жиі дәл осы клубқа қарсы ойнап жатады. Бір сәтте кипрлік команда түскеніне қуандық. Бұл клубты жақсы танимыз. Қарсыламыздың құрамы сапалы ойыншылардан құралған. Ойынның кейбір тұстарында жеке футболшылардың шеберлектері, тактикаға қарағанда биік тұрады. Сәттілікке сенбей, бұл кезеңде ойнаудың керегі жоқ. Бапкерлік құрам, ойыншылар да сәттілікке сенуіміз қажет. Біз команда ретінде осымен бағалымыз. Футболда әрбір жеңіс командаға эмоционалдық тұрғыда үлкен серпіліс әкеледі. Біздің чемпионатта 12 орында тұрғанымыз ештеңені білдірмейді. Себебі, кей сәттерде сәттілік серік болмады. Кей сәттерде шеберлік жетпей, қарсыластың күшін бағаламадық. Алайда, сарапқа сала келе жігіттер алаңдағы ойынымыз жақсы нәтиже алып келеріне сенеді. Дәл осы сәттілік Конференция лигасы кезеңінде серігіміз болды. Біріншіден біз Конференция лигасының дебютантымыз. Азулы қарсылас АПОЭЛ түсті. Кипрдің ең мықты командаларының бірі. "Астана" және "Қайсарға" қарсы ойындарын көрген едім. Сондықтан санамда таныс ұжым ретінде қалыптасты. Біз осал қарсылас жоқ екенін түсінеміз. Әрбір команда өз елінің намысы үшін алаңда барын салатыны белгілі", - дейді Әлиев.

Еске салайық, бүгін елорда уақытымен 23:00 Никосияның "ГСП" аренасында АПОЭЛ мен "Қызыл-Жар" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport