Англия және тағы төрт ел 2028 жылғы Еуропа біріншілігін өткізуге ниет білдірді

©skysports.com

Англия, Солтүстік Ирландия, Шотландия, Уэльс және Ирландия 2028 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын қабылдау үшін ресми өтініш білдірді, деп жазады Sky Sports порталы. 

Бұл елдер Еуропа чемпионатын 14 стадионда өткізуге ниет білдірді. Бірақ стадиондардың нақты тізімін ұйымдастырушылар УЕФА-ға 2023 жылдың сәуір айында береді. 

Еуро-2028 турнирі қайда өтетіні 2023 жылдың қыркүйек айында анықталады. 

Айта кетейік, Еуро-2024 турнирі 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport