"Алтын допқа" басты үміткердің есімі аталды

©football.by

Goal басылымы жыл қорытындысы бойынша үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" сыйына үміткерлер тізімін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты үміткер өзгеріссіз қалды, ол осы жазда "Интер Майамиге" ауысқан Лионель Месси. Екінші орында "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд.

"Алтын доп"-2023 номинанттарының есімі бүгін, 6 қыркүйекте жария етіледі.

Ал сыйды табыстау салтанаты 30 қыркүйекте болады. Биыл бұл марапаттың тарихында алғаш рет футболшының күнтізбелік жыл емес, 2022/23 жылғы маусым үшін еңбегі бағаланады. 

Топ-20 тізім мынадай: 

1. Лионель Месси (ПСЖ/ "Интер Майами");

2. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");

3. Килиан Мбаппе (ПСЖ);

4. Винисиус Жуниор ("Реал");

5. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити");

6. Родри ("Манчестер Сити");

7. Илкай Гюндоган ("Манчестер Сити"/"Барселона");

8. Виктор Осимхен ("Наполи");

9. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити");

10. Роберт Левандовски ("Барселона");

11. Бернарду Силва ("Манчестер Сити");

12. Карим Бензема ("Реал"/"Әл-Иттихад");

13. Хвича Кварацхелия ("Наполи");

14. Джуд Беллингем ("Боруссия"/"Реал");

15. Лаутаро Мартинес ("Интер");

16. Джон Стоунз ("Манчестер Сити");

17. Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед");

18. Букайо Сака ("Арсенал");

19. Джек Грилиш ("Манчестер Сити");

20. Каземиро ("Манчестер Юнайтед").

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport