"Әлем чемпиондарын да жеңуге болады". Қуат Хамитов Қазақстанның Франциямен ойынына баға берді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Франциядан ұтылғаннан кейін ММА файтері Қуат Хамитов Instagram желісінде сторис жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz. Қуат футболшыларды мақтаған екен. 

"Егер боз кілем немесе алаңда бар күшіңді салған болсаң, сен ұтылмадың. Жігіттер барын салды... Бұл матч өсіп келе жатқан буын үшін мотивация болады деп үміттенемін. Әлем чемпиондарын да жеңуге болады... Бәрі сендердің қолдарыңда", - деп жазыпты ол.