"Алаң түбінен бастаған шабуылы сөзсіз қауіпті". Ресейде қазақстандық футболшының әмбебаптығына тамсануда

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ЦСКА©
Ресейлік bobsoccer.ru порталы ЦСКА клубын Бахтиер Зайнутдиновтың трансфері үшін мақтады. Қазақстандық футболшы әмбебап екені айтылды.

"Бахтиер Зайнутдинов туралы тағы бірер сөз. Әскерилер оны алғанда қателеспеді. Әмбебап футболшы, бірден бірнеше позицияны игере алады. 

Ол кейінгі екі матчте сол қапталда өте үйлесімді ойнады, осыдан кейін Георгий Щенников қатарға қосылғанда Гончаренкоға таңдау жасау керек болады. Дегенмен ойын уақыты жеткілікті. Зайнутдинов алаң түбінен бастаған шабуылы өте қауіпті екені сөзсіз", - деп жазады сайт.