"Әл-Наср" Роналдусыз ұтылып қалды

©"Әл-Наср" ФК

Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" командасы Сауд Арабиясы чемпионатының бірінші турында "Әл-Иттифактан" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әд-Даммам қаласындағы "Ханзада Мохамед бин Фахд" стадионында өткен ойын 2:1 есебімен Стивен Джеррард жаттықтыратын команданың пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Робин Квайсон (47-минут) пен Мусса Дембеле (53-ші) гол салды. Ұтылған командадан Садио Мане (4-минутта) ерекшеленді.

Бұл ойынға кішігірім жарақаты бар Роналду шықпай қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport