"Ақтөбе" Жерар Гоуды қатарына қосты

©Ақтөбе ФК

"Ақтөбе" футбол клубы ивуарлық шабуылшы Жерар Би Гоа Гоумен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды.

Гол соққыш форвард бізге дейін Түркия Суперлигасында өнер көрсететін "Қасымпаша" футбол клубының намысын қорғады. Сұрмергендігімен жақсы танымал орталық шабуылшы алғашында өз отанындағы "Абиджан" және морокколық "Хассани" клубтары сапында доп тепкен.

2010 жылы Еуропаға ойысып, швейцариялық "Ксамакс" пен түріктің "Денизлиспор" және "Кайсери Эрджиеспор" құрамында көзге түседі. Кейіннен Ресейдің "Краснодарына" ауысып, Қытайдың "Бейжіңінде" де сәтті ойнап шығады. Сәл ертерек алматылық "Қайрат" қосынында үш маусым өткізеді. 2015, 2016 және 2017 жылдары ҚПЛ үздік сұрмергені атанады (жалпы саны 80 гол).

"Ақтөбенің" кезекті су жаңа ойыншысы Жерар Гоуға қызыл-ақ жанұяға қош келдің дейміз!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport