"Ақтөбе" Бауыржан Исламханның трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

©ҚФФ

"Ақтөбенің" бас бапкері Андрей Карпович Vesti.kz порталының Youtube арнасына берген сұқбатында Бауыржан Исламханның трансфері туралы ойын айтты. 

Еске салайық, "Ақтөбе" командасы Исламханмен келіссөз өткізген болатын. Бірақ келіссөздің қалай аяқталғаны ол кезде белгісіз болған еді. 

"Өтірік айтпаймын, бірнеше ай бұрын біз онымен сөйлестік. Исламханды бұрыннан білемін. Мұндай футболшылар бізде аз. Сондықтан оған көп командалар да қызығушылық білдіреді. Бірақ біз асығып жатқан жоқпыз. Бұл трансфердің артық және кем тұсын білеміз. Бауыржан футболға оралсын, сосын не боларын көреміз", - деді бапкер. 

Айта кетейік, Исламханның жаза мерзімі биыл күзде аяқталады. Қазір футболшы өз бетінше жаттығу өткізуде. Ол жуырда Қазақстан құрамасының аңыздары қатарында Алматының "Орталық" стадионында жолдастық кездесуге қатысып, гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport