auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Еуропа лигасы. "Ордабасы" "Торпедоны" екінші ойында да ұтты

Еуропа лигасы. "Ордабасы" "Торпедоны" екінші ойында да ұтты
"Ордабасы" ФК
Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Кахабер Цхададзе жаттықтыратын команда Грузияның "Торпедо" клубын қарымта ойында да айқын ұтты.

Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өткен ойында қазақстандық клуб қарсыластарын 2:0 есебімен ұтты. Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды.

82 минутта Марат Быстров қалдырған пастан кейін Мирзад Механович есеп ашты. Ол өз мүмкіндігін асқан шеберлікпен пайдаланды. Алаңға 73 минутта Кирилл Ковальчуктың орнына шыққан еді.

Кахабер жасаған тағы ойыншы алмасу да өз нәтижесін берді. 61 минутта Алексей Щеткиннің орнына шыққан Зиги Бадибанга соңғы минутта "Торпедо" қақпасының торын тағы да тулатты. Нәтижесінде екі ойын қорытындысы бойынша "Ордабасы" 3:0 есебімен екінші кезеңге жолдама алды.



Шымкент қаласының командасы Еуропа лигасы ойындарына алғаш рет 2013 жылы қатысты. Бірінші іріктеу кезеңде Сербияның "Ягодина" клубынан өтті. Екінші кезеңде Норвегияның "Русенборг" командасынан аса алмаған еді. 2016, 2017 және 2018 жылдары команда бірінші іріктеуден өте алмай, жарысты ерте аяқтап келген.

Биыл "Ордабасы" екінші іріктеу кезеңде Чехияның "Млада Болеслав" клубымен ойнайды. Бірінші ойын 25 шілде күні Чехияда, қарымта ойын араға бір апта салып Шымкентте өтеді.

Айта кетейік, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шыққан тағы екі қазақстандық клуб бар. Бірі - "Астана", бірі - "Қайрат". Елордалық команда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмай, осында ауысса, Алматының командасы бірінші кезеңде "Широки Бриегті" жарыс жолынан шығарды. Қостанайдың "Тобыл" клубы болса Люксембургтің "Женесс" командасын жеңе алмай, жарысты ерте аяқтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама