Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Футболдан Америка кубогының финалына шыққан бір команда белгілі болды. Жартылай финалда (1/2) Аргентина құрамасын ұтқан Бразилия финалға жолдама алды.
Белу-Оризонти (Бразилия) қаласындағы "Минейран" стадионында өткен ойында жарыс қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. 19 минутта Габриэль Жезус есеп ашты. 71 минутта Роберто Фирмино нәтижені еселеді.
Аргентина құрамасы ерекше ойынымен жанкүйерлерін қуанта алмады. Команда көшбасшысы Лионель Месси алаңда 90 минут ойнап, командасымен жеңіске бастар жолды таппады.
Бразилия құрамасының финалдағы қарсыласы 4 шілде күні анықталады. Чили және Перу құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
"Америка кубогының" финалы 7 шілде күні өтеді. Үшінші орын үшін өтетін ойын да осы күнге жоспарланған. Тек ертерек басталып, финалға дейін аяқталып үлгереді.
Жарнама