auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Манчестер Юнайтед" камбэк жасап, ПСЖ-ны Чемпиондар лигасынан шығарып тастады

"Манчестер Юнайтед" камбэк жасап, ПСЖ-ны Чемпиондар лигасынан шығарып тастады
Reuters©
Англиялық "Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Екінші ойында англиялықтар екінші ойында ПСЖ командасын жарыс жолынан шығарып тастады. 

Уле-Гуннар Сульшера командасы 1/8 финалының алғашқы ойынында 0:2 есебімен өз алаңында ұтылған еді, алайда, Парижде өткен қарымтада есе қайтарды - 3:1. Екі ойынның жалпы есебі - 3:3, алайда, қонақтағы гол ережесі боынша ары қарай "МЮ" өтіп отыр.

Қарымтада "МЮ" сапыннан Ромелу Лукаку дубль жасады: екінші минутта қорғаушылардың ұйымдаса алмауын пайдаланды және 30-шы минутта Джанлуиджи Буффон қателік жіберді. Бұл голдар арасында ПСЖ жалғыз голын салып үлгерді - Хуан Бернат 12-ші минут. 

Шешуші доп үстеме уақытта салынды. ПСЖ қорғаушысы Преснель Кимпембе айып алаңындағы допты қолымен қағып жіберді, ал словениялық төреші Дамир Скомина видеоқайталаудан кейін (VAR) пенальти белгіледі, мүмкіндікті Маркус Рэшфорд сәтті пайдаланды.



Өзге жұпта "Порту" 5:3 болған жалпы есеппен "Романы" жарыс жолынан шығарды. Негізгі уақыт 2:1 есебімен Португалия чемпиондарының пайдасында аяқталды, алайда, алдыңғы ойында италияндық клуб дәл осындай есеппен ұтқан, сондықтан жеңімпаз овертаймда анықталды - 3:1.

 "Порту" сапынан 26-шы минутта Франсиско Соарес, 52-ші минутта Мусса Марега, ал 120-ші минуттағы пенальтиде Алекс Теллес гол соқты. "Ромада" 37-ші минутта  Даниэле де Росси 11 метрлік айып добын салды.

Мұның алдындағы 1/8 финал ойындарында голландиялық "Аякс" испаниялық "Реалды" - 5:3 (1:2, 4:1), ал англиялық "Тоттенхэм" ргерманиялық "Боруссияны" - 4:0 (3:0, 1:0) жарыс жолынан шығарған.

Наурыздың 12-нен 13-не қараған түні "Манчестер Сити" - "Шальке" (алғашқы ойын - 3:2) және "Ювентус" - "Атлетико" (0:2), ал 13-нен 14-не қараған түні - "Барселона" - "Лион" (0:0) және "Бавария" - "Ливерпуль" (0:0) қарымталары өтеді. Ойындардың барлығы Астана уақытымен 02:00-де басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама