auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

20 жастағы қазақстандық шабуылшы ресейлік клубқа ауысуы жайлы айтып берді

20 жастағы қазақстандық шабуылшы ресейлік клубқа ауысуы жайлы айтып берді
© "Сочи" ФК
Қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров Vesti.kz тілшісімен сұхбат барысында ресейлік "Сочидегі" бейімделуі туралы айтып берді. 

Бахтияровтың "Сочимен" келісімшартқа отырғаны қаңтар соңында белгілі болды. Футболшы жаңа клубы үшін краснодарлық "Урожаймен" (1:0) матчте алғаш рет ойнады. 

Ұлттық футбол лигасындағы (ҰФЛ) қысқы үзіліске "Сочи" 38 ұпаймен алтыншы орында шықты. Төртінші орындағы "Чертановода" да осынша ұпай. Чемпионаттың алғашқы екі командасы премьер-лигаға өтеді, ал үшінші және төртіншісі жолдама үшін таласады.

"Команда туралы естігенімде бірнеше шолу қарадым. Алғашқы айналым соңы болғандықтан қарайтын дүние болды. Дегенмен ақпарат көп болмады. Команда премьер-лигаға жолдама үшін таласарын білгенде ауысуға келістім. Бұл команда маған футболдағы өсіміме көмектеседі. Гол салып, оған премьер-лигаға шығуға көмектесемін деп үміттенемін. 

Сочиде бір рет болғанмын, қатты ұнап қалды. Келгенде жылырақ болады деп ойлағанмын. Желді екен - жалғыз кемшілік осы, басқа бәрі жақсы", - дейді Бахтияров. 

Айта кетейік, жақында Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек шабуылшыны ұлтық команданың кеңейтілген сапына қосты.

Еске салайық, былтыр Бахтияров "Қайрат" сапында ойнаған, алайда, маусым ортасында клубтан даулы жағдайда кетті. Осыдан кейін ол армениялық "Арцахқа" ауысты. Қарашада қазақстандықтың карьерасын "Сочиде" жалғастыратыны белгілі болды.

7 ақпан Астана уақытымен 20:00-де Бахтияров жанкүйрелер сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді. Сұхбат "Сочи" ФК ресми Instagram парақшасында трансляцияланады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама