auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" Англия премьер-лигасына тартылғанын қалаймын - клубтың британиялық директоры

"Астана" Англия премьер-лигасына тартылғанын қалаймын - клубтың британиялық директоры
© "Астана" ФК
Кеше, 14 қаңтар "Астана" футбол клубының директоры таныстырылды. Ағылшын маманы Пол Эшуорт Англиядан бөлек, Латвия, Нигерия және Ресейде қызмет атқарған.

- "Астана" футбол клубының бұрынғы Президенті Саян Хамитжанов пен атқарушы директоры Қайсар Бекеновтың осыған дейінгі атқарған еңбегін команданың бес жыл қатарынан ішкі біріншілікте чемпион атанғанынан-ақ байқауға болады. Енді мен "Астана" кем дегенде тағы да бес жыл қатарынан өз елінде үздік болып, Еуропада сәтті ойнағанын қалаймын. Біздің қазіргі мақсатымыз команданың сәтті ойын көрсетіп, тек жақсы жаққа дамуына күш салу.

- "Астанадан" алғаш ұсыныс түскенде клуб туралы ақпарат жинақтаған боларсыз? Қандай бағытта жұмыс жасайтын жоспарыңыз бар?

- Кез-келген жағдайда сырттан бақылау мен іштен көру әртүрлі нәрселер. Мен дәл қазір нақты өзгерістер туралы айта алмаймын. Себебі, алдымен жұмыс барысын іштей бақылап көруім қажет. Қазақстан мен қызмет атқарғалы отырған бесінші мемлекет. Менің Англиямен байланысым өте жақсы болғандықтан, "Астананың" да ағылшын Премьер-Лигасы деңгейіне ұмтылғанын қалаймын. "Астана" командасы өз жұмысы, академиясы және ойыншыларының біліктілігі жағынан әлемнің ең үздік лигасы деңгейіне талпынуы қажет. Сол кезде ғана біз Англияға жақын боламыз.

- Сіз осыған дейін төрт елде жұмыс жасадыңыз, Сіздің тәжірибеңіз қазақстандық клубқа қаншалықты көмектеседі деп ойлайсыз?

- Егер Англиямен салыстыратын болсақ, менің өз Отанымда таныстарым өте көп. Мен өткен жылдың қараша айында өз елімнің Манчестер Сити, Ливерпуль және тағы басқа үздік он клубын аралап, олардың жұмысымен танысқан едім. Біз мүмкін алдағы уақытта клуб басшылығы мен қызметкерлерін Англияға жіберу арқылы, ол жақтағы жоғары деңгейдегі жұмыс барысын өз көзімен көріп, сол деңгейді сезінулері үшін жағдай жасайтын боламыз.  Мен ұзақ жылдар бойы Латвияда қызмет жасаған уақытта "Астана" командасының қазіргі бас бапкері Роман Григорчукпен танысып, бапкер ретінде бірнеше мәрте өзара кездескен болатынбыз. Оған қоса, мен "Венспилсте" қызмет жасаған уақытта, біздің командада  2 жыл бұрын жалда ойнаған Евгений Постниковты танимын. Мен Латвияда еурокубоктерде ойнап, бапкер ретінде УЕФА аясындағы турнирлерде 26 ойын өткіздім.  Ал Ресейде "Ростов" футбол клубының спорт директоры қызметін атқардым, ал олардың деңгейі өте жоғары. Мен ол жақта спорттық база құрылысына қатысып, селекциялық жұмыстармен айналысып, және де байланыс құралы, әрі жұмыс барысы үшін ең негізгі қажет дүниелердің бірі орыс тілін үйрендім. Мен "Ростовта" қазмет атқарған кезеңде, команда Исо Каньендуды "Локомотивке" сатты, оған қоса команда құрамын жасақтауға қатыстым. Жалпы алғанда, Қазақстанға өте жақын ресейлік футбол жүйесімен жақсы таныспын. Менің соңғы қызмет жасаған елім - Нигерия. Ол жақта деңгейі өте жоғары жас ойыншылар өте көп. Сіз білсеңіз, Нигерия соңғы үш жылда екі мәрте жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл жас ойыншыларды дайындауда өте жақсы көрсеткіш. Мен "Венспилс" құрамында қызмет жасаған кезеңде сол Нигерия құрамасы сапынан Альфа Абдуллахиді команда құрамына шақырған болатынмын, артынша ол ойыншы Латвия чемпионатының үздік сұрмергені атанып, кейіннен өте мықты чемпионаттардың бірі Норвегия біріншілігіне ауысқан еді. Оған қоса, менің Бразиялияда кезінде "Сконто" командасында бапкерлер құрамында көмекшім болған жақсы таныстарым бар. Мен өзім қызмет атқарған әр мемлекеттен жеткілікті деңгейде тәжірибе жинап үлгердім. Осы тәжірибем "Астананың" үздік болуына көмектеседі деген сенімдемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама