auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Лука Модрич "Алтын допты" ұтып, Месси мен Роналдудың үстемдігіне тоқтау салды

Лука Модрич "Алтын допты" ұтып, Месси мен Роналдудың үстемдігіне тоқтау салды
Reuters©
Парижде футболдан 2018 жылғы "Алтын доп" иегерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл атақты Хорватия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленді.

France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталған. Ең көп дауысқа ие болған Лука Модрич өз мансабында алғаш рет бұл жетістік шыңын бағындырды. Себебі "Алтын доп" жекелей ойыншыға берілетін ең мәртебелі марапат.

Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға Криштиану Роналду тұрақтаған. Антуан Гризманн үздік үштікке енген. Килиан Мбаппе - төртінші, Лионель Месси бесінші орыннан көрінді.

"Алтын допты" 2008 жылдан бері Роналду, не Месси еншілеп келген еді. Биыл бұл атақ араға 10 жыл сала өзге ойыншыға бұйырды. Модрич - Хорватия елі тарихында "Алтын доп" алған тұңғыш футболшы атанды.

France Football басылымы биыл алғаш рет жас ойыншыларға берілетін Копа Трофи марапатын да табыстады. Оны француз футболшысы Килиан Мбаппе жеңіп алды. Бұл атақ даңқты француз ойыншысы, 1958 жылғы "Алтын доп" иегері Раймон Коптың құрметіне аталған.

Қыздар арасында 2018 жылдың ең үздік футболшысы марапатына норвег Ада Хегерберг ие болды. Ол 2018 жылы "Лион" командасымен бірге әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл бұл екі марапатты да Модрич иеленді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама