auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшы
Sky Sports
Танымал италиялық журналист Танкреди Палмэри twitter желісіндегі парақшасында әлемдегі ең көп жалақы алатын 10 футболшының тізімін жариялады. Спорт маманы рейтингті жеке зерттеуі бойынша түзіп шыққан.

Әлемде ең көп жалақы алатын футболшылардың көшін Лионель Месси бастап тұр. Оның жалақыдан табатын жылдық табысы 40 миллион еуроны құрайды екен.

Осы жазда "Реалдан" Туриннің "Ювентус" клубына ауысқан Криштиану Роналду да аз жалақы алмайды. Мадридтік клубтан кетуіне бір себеп болған бір фактор да осы жалақы мәселесі еді. Португалдық шабуылшы жаңа командасында жылына 31 миллион еуро алады.

Үздік үштікте Францияның ПСЖ клубында ойнайтын бразилиялық футболшы Неймар тұр. Оның жалақыдан алатын жылдық табысы - 30 миллион еуро.

Сондай-ақ ең көп жалақы алатын футболшылардың ондығына Андрес Иньеста (25 миллион еуро, "Виссел Кобе"), Оскар (24 миллион  еуро, "Шанхай Теллэйс"), Алексис Санчес (22,5 миллион еуро, "Манчестер Юнайтед"), Антуан Гризманн (20 миллион еуро, "Атлетико"), Халк (20 миллион еуро, "Шанхай СИПГ"), Хавьер Маскерано (19 миллион еуро, "Хэбэй Чайна Форчун") және  Габи (19 миллион еуро, "Аль-Садд") енген.

Айта кетейік, қараша айында Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялаған болатын. Бұл рейтинг бойынша қазіргі таңда ең бағалы футболшы - Килиан Мбаппе. Оның трансферлік құны 201,2 миллион еуроға бағаланған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама