"Астана" ФК Еуропа лигасыдағы "Яблонецпен" өз алаңындағы матчтен кейін УЕФА рейтингінде рекордты 50-ші орынға көтерілді, - деп хабарлайды KazFootball.kz.
Еуропалық футбол қауымдастықтары кеңесінің жаңартылған рейтингінде "Астана" 27,500 коэффициентімен 50-ші орынға көтерілді. Бұл еліміздің УЕФА-ға мүше болғанан бастап әлдебір қазақстандық клуб жеткен ең жоғары көрсеткіш. Астаналық команда бұрын 53-ші орында болған, бұл да Қазақстан өкілдерінің қауымдастықтар рейтингтегі ең жоғарғысы болған.
"Астана" 402-ші орыннан 50-ші позицияға бес маусымда көтерілді.
Еске салайық, төртінші турдан кейін "Астана" сегіз ұпаймен К тобындағы көшбасшылықты сақтап тұр, екінші орындағы өз алаңында "Реннді" жеңген киевтік "Динамода" да осынша ұпай, франциялық команда үшінші (3 ұпай) және "Яблонец" екі үпаймен соңғы болып тұр.
Жарнама