Футбол
29 қазан 2018 08:18
 
"Барселона" 5:1 есебімен "Реалды" ойсырата жеңіп, Ла Лигада бірінші орынға шықты

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" 5:1 есебімен "Реалды" ойсырата жеңіп, Ла Лигада бірінші орынға шықты © LiveResult

Испаниялық Ла Лигада "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" өз алаңында ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оныншы тур ойыны кеше, 28 қазан "Камп Ноу" стадионында өтіп, 5:1 есебімен аяқталды. Оның үстіне барселоналықтар қатарында көшбасшылары Лионель Месси болмады - аргентиналық футболшы қолын сындырып алған. 

"Барса" ойынның 11-ші минутында-ақ есеп ашты - бразилиялық хавбек Фелиппе Коутиньо. Осыдан кейін уругвайлық форвард Луис Суарес пенальтиді дәл тепті. 

Екінші тайм да голдар саны көбейе түсті. 50-ші минутта "Реалдың" бразилиялық қорғаушысы Марсело бір гол сала алды. Осыдан кейін мадридтіктер қарсы тұруға тырысты, алайда, ойсырай ұтылды. 

75-ші минутта Суарес дубль, ал 83-ші минутта хет-трик жасады. Екеуінде де уругвайлық футболшыға қорғаушы Серджи Роберто нәтижелі пас берген. 

Ал алаңға алмасып шыққан ойыншылар 87-ші минутта тағы бір гол салды. Жартылай қорғаушы Артуро Видаль франциялық хавбек Усман Дембеленің пасын баспен салды. 

Бұл жеңістен кейін "Барселона" 21 ұпай жинап, Ла Лигадағаы бірінші орынға қайта шықты, "Атлетикодан" екі балл асып тұр. Ал "Реал" 14 ұпаймен тек тоғызыншы орында. 

Жарнама

Живи спортом!