Аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона "Барселона" сапында өнер көрсетіп жүрген Лионель Мессиге Аргентина құрамасына оралмауға кеңес берді, - деп хабарлайды
"Чемпионат".
Каталониялық клуб шабуылшысы 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін демалыс алып, 2019 жылға дейін ұлттық құрама сапына шақырмауды сұраған.
"Ұлттық командаға оралмауға кеңес беретін едім. Аргентина құрамасы U15-те ұтылады, бұл Мессидің кінәсі. "Расинг" чемпионатында "Бока Хуниорспен" кездеседі, Месси кінәлі. Барлығына әр кезде соны кінәлайды. Мен Леоға айтар едім: "Келмей тұра тұр. Өздері не істер екен көрейік", - деп келтіреді Марадоннаның сөзін FourFourTwo басылымы Clarin сайтына сілтеме жасап.
Месси Аргентина құрамасы үшін соңғы рет Ресейде өткен биылғы әлем чемпионатында ойнаған. Команда турнирдің топтық кезеңінен өтіп, 1/8 финалда жеңімпаз атанатын Франция құрамасынан ұтылып қалған.
Жарнама