Белоруссиялық "Кречет" командасының ойыншысы Сергей Гриневич өмір бойы футболдан шеттелді. Мұндай шешім Брест облысының чемпионатында "Нива" командасымен өткен матч қорытындысы бойынша қабылданды, - деп жазады Прессбол.
Гриневич ойын кезінде төрешінің бетінен ұрғаны үшін жазаланды. Ойын 28-ші минутта тоқтатылды. Қызыл қағаз алған "Кречет" ойыншысы төрешіге шабул жасап, оның мұрнын сындырды.
Бұл уақытқа дейін ойын "Нива" пайдасына 1:0 есебімен жүріп жатқан. Осы оқиғадан кейін "Кречетке" техникалық жеңіліс есептелді.
Жарнама