Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында алғаш рет алаңнан қуылды
Криштиану Роналду. Сурет: Reuters
Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы алғашқы тур аясындағы "Валенсиямен" ойында қызыл қағаз алды.
Роналду ойынның 29-шы минутында есеп әлі 0:0 боп тұрғанда алаңнан қуылды. Кездесудің бас төрешісі Феликс Брих көмекшісінің сөзінен кейін бірден қызыл қағаз көрсетті. "Ювентус" футболшысы "Валенсияның" қорғаушысы Джейсон Мурильомен қығысып қалғаны үшін жазаланды.
Бұл Криштиану Роналду үшін Чемпиондар лигасы матчтарынан алғаш рет қуылуы болып тұр. Португалиялық алаңнан кетерде көз жасын жасыра алмады.
Валенсияның "Месталья" стадионында өткен матч, "Ювентустың" жеңісімен аяқталды (есеп 2:0).
Жарнама