auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы Андоррамен тең ойнады

Қазақстан құрамасы Андоррамен тең ойнады
vesti.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойында Андоррамен тең түсті. "Андорра-ла-Велья" стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов негізгі құрамға аздап өзгеріс енгізді. Бұл жолы орталық қорғаушы Юрий Логвиненко мен хавбек Еркебұлан Тұңғышбаев алғашқы минуттан бастап алаңға шықты.

Қазақстан құрамасы ойында басымдығын алғашқы сәттерден-ақ байқатты. Шабуылға сәт сайын ұмтылғанмен, алаң иелері қақпасына гол соғу мүмкін болмады. Барлығы бұрыштама добымен аяқталды. Нәтижесінде бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм басталғанына 15 минут өте Станимир Стойлов ойыншы алмастырды. Роман Мұртазаевтың орнына Бауыржан Тұрысбек шықты. Ал 66 минутта Еркебұлан Тұңғышбаевты Бахтиер Зайнутдиновке алмастырды.

Ойында Қазақстан құрамасы бірінші болып гол соғып, есепте алға шықты. Ал голды шабуылшы емес, қорғаушы Юрий Логвиненко соқты. Оның қалай гол соғатынын қазақ жанкүйерлері жақсы біледі десек қателеспейміз. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, баспен допты қақпаға тура бағыттады. Доп қақпа торында тулады.

76 минутта өз қателігін жуып-шаймақ болған Серікжан Мужиков ойын ережесін бұзды. Исландиялық бас төреші жартылай қорғаушыға екінші сары қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. 10 ойыншымен қалған Қазақстан құрамасы қорғанысқа ығыса бастады.

86 минутта Дмитрий Шомконың қателігі – Қазақстан құрамасын сан соқтырды. Екінші таймда алаңға шыққан Жорди Алаэс таразы басын теңестіріп кетті. 1:1 есебі сақталып, ұлттық құрамалар бір-бір ұпайдан бөлісті.



Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Астанада Грузияға есе жіберген-ді. Ал Андорра сырт алаңда Латвиямен тең ойнаған еді.

Топтағы екі тур қорытындысы бойынша Грузия құрамасы 6 ұпаймен алға шықты. Андоррада 2 ұпай бар. Қазақстан мен Латвия құрамаларында бір-бір ұпайдан.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қазан күні сырт алаңда Латвияға қарсы өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама