Әйгілі футболшы аргентиналық Диего Марадона мексикалық "Дорадос" клубының техникалық директоры болып сайланды, - деп хабарлайды команданың
Twitter желісіндегі аккаунтында.
Келісімшарттың егжей-тегжей айтылмаған. Марадона Мексиканың екінші дивизионында өнер көрсететін клубта жұмыс істейтін болды. Команда жалпы есепте 13-ші орында тұр.
Аргентиналық бресттік "Динамо" клубында басқарма төрағасы қызметін атқарады. Әзірге беларусь командасымен келісімшарттың үзілгені туралы мәлімет жоқ. Марадона бұл келісімшартты 2018 жылы мамырда жасаған еді. Оның шарты бойынша, егер ол жергілікті ауа райына бейімделе алмаса келісімшартты бұзуға құқығы бар.
Футболшы ретінде Марадона 1986 әлем чемпионы атанған еді. Өз елінде ол 1999 жылы жүз жылдықтың ең үздік спортшысы атанған еді.
Жарнама