auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Чемпиондар лигасының финалын "бүлдірген" қақпашы "Ливерпульге" керек болмай қалды

Чемпиондар лигасының финалын "бүлдірген" қақпашы "Ливерпульге" керек болмай қалды
© Eurosport
Англиялық "Ливерпуль" қақпашысы Лорис Кариус жаздық трансфер уақытында клубтан кетуі мүмкін, - деп жазады Mirror.

Басылымның жазуынша, клубтың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп 25 жастағы голкиперді жіберуге дайын. Бразилиялық Алиссонның келуімен "Ливерпульде" негізгі болудан қалған қақпашыға "Бешикташ" қызығушылық танытып отыр. Түркиялық клуб Кариусты жалға алуды қарастырып отыр. Егер келісім жасалса, мерсисайдтықтардағы екінші нөмірді Симон Миньоле иеленеді.

Кариус 2016 жылдан бері "Ливерпуль" сапында. Оның келісімшарты 2021 жылға дейін. Голкипердің трансферлік құны 10,8 миллион фунтқа бағаланып отыр. Қақапашы өткен маусымда англиялықтар намысын 33 матчта қорғап, қақпасына 31 гол кіргізіп алған. 16 ойында ол қақпасына бір доп өткізбеді. 

Еске салайық, Кариус Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалмен" болған ойыннан кейін сынға қалған. Ол ойында қақпашының қателігінен "Ливерпуль 1:3 есебімен ұтылып қалған еді. Ал кейін қақпашы ойынның екінші бөлігін миы шайқалған күйде өткізгені анықталды. Ойын кезінде оған мадридтіктердің қорғаушысы Серхио Рамостың шынтағы тиген болатын.

Алайда Кариустың сәтсіздіктері мұнымен аяқталмады. Голкипер маусым алдындағы жиындарда да қателіктерге бой алдырып жүрді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама