auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады
ҚФФ
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бір саты жоғарылап, 116-орынға тұрақтаған.

ФИФА-ның рейтингі 19 шілде күні жаңаруы тиіс еді. Алайда әлем чемпионатына байланысты кейінге шегерілген-ді. Нәтижесінде жаңарған рейтинг бүгін жарияланды.

Алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер бар. Әлем чемпионы атанған Франция көш басына шықты. Бельгия құрамасы үштен екінші орынға көтерілсе, Бразилия бір саты төмен сырғыды. Финалға шыққан хорваттар 16 саты жоғарылап, төртінші орыннан бір-ақ көрінді. Сондай-ақ Уругвай, Англия мен Дания құрамалары алғашқы ондыққа енген. Аргентина, Германия мен Польша ондықтан шығып қалған.

Үздік құрамалар ондығы:

1 (7). Франция - 1726 ұпай
2 (3). Бельгия - 1723,
3 (2). Бразилия - 1657,
4 (20). Хорватия - 1643,
5 (14). Уругвай - 1627,
6 (12). Англия - 1615,
7 (4). Португалия - 1599,
8 (6). Швейцария - 1597,
9 (10). Испания - 1580,
9 (12). Дания - 1580,

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Египет ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 20 саты төмендеп, 65-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Ресей құрамасы еншіледі. Олар 21 саты жоғарылап, 49-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина.

2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама