Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Ордабасы" футболшылары Қазақстан премьер-лигасындағы 19-шы турдың өз алаңында өткен матчінде алматылық "Қайратты" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын кеше, 22 шілдеде Шымкентте өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Матч протоколымен мына жерде танысуға болады.
Ойынның 13-ші минутында Темірлан Ерланов алаңы бұрышынан тепкен допты қарсыластар қақпасына дәл бағыттап, "Ордабасын" алға шығарды. Бірақ ойынның 54-ші минутында Адеринсол Эсеола есепті теңестірді. Дегенмен ойынның 84-ші минутында сенегалдық хавбек Абдулаи Диакате гол салып, шымкенттік командаға жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, "Ордабасын" шілденің ортасында грузин Кахабер Цхададзе жаттықтыра бастаған еді. Қызықты жайт 2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың шілдесіне дейін "Қайратты" жаттықтырған болатын.
Осылайша, 44 ұпаймен "Қайрат" екінші орында келеді, ал "Ордабасы" 28 ұпаймен төртінші болып тұр. Ал турнир кестесінде бірінші тұрған "Астана" клубы (50 ұпай). Астаналық клуб алматылықтар мен шымкенттіктерден бір матч артық өткізген.
Жарнама