Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Франция ұлттық құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты. Дидье Дешам жаттықтыратын құрама жартылай финалда Бельгия құрамасын ұтты.
Санкт-Петербургте өткен ойында француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 51 минутта Умтити соқты. Ол Антуан Гризманның бұрыштамадан асырған добын баспен бағыттап, Тибо Куртуа қорғаған қақпаның торында тулатты.
1:0 есебі сақталып, Франция құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. 1998 жылы олар өз жерінде өткен мундиальда жеңіске жетсе, 2006 жылы Италиямен тең ойнап (1:1), пенальти сериясында жеңіліс тапқан еді.
Бельгия құрамасы болса екінші рет қола жүлдеге таласады. 1986 жылы да жартылай финалға дейін жетіп, чемпион атанған Аргентинадан ұтылған еді. Қола жүлде үшін өткен кездесуде француздарға есе жіберген.
Екінші жартылай финалдағы ойында ертең Хорватия мен Англия құрамалары кездеседі. Қола жүлде үшін өтетін кездесу 14 шілдеге, финал 15 шілдеге жоспарланған.
Жарнама