auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Хорватия құрамасы ширек финалда Ресеймен кездеседі

Хорватия құрамасы ширек финалда Ресеймен кездеседі
Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Хорватия құрамасы Ресеймен кездесетін болды. Шақпақ жейделі құрама ойын соңындағы пенальти сериясында Данияны ұтты.

Қос құрама негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Ойындағы бірінші гол 1 минутта-ақ соғылды. Даттардың алға ұмтылған жылдам шабуылы нәтижелі аяқталды. Матиас Йоргенсеннің тепкен добы Субашичтің қолына тиіп, қақпа ішіне енді.



Алайда араға 3 минут сала Марио Манджукич есепті теңестірді. Бұл тұста Дания құрамасы қорғаушылары допты айып алаңдарынан шығарып үлгермеді.



Екінші таймда да 1:1 есебі сақталып, футболшылар командасын алға шығаратын гол соға алған жоқ. Қосымша уақыттың екінші кезеңінде хорваттардың алға шығатын зор мүмкіндігі болған. Алайда Лука Модричтің пенальтиден тепкен добын қақпашы Каспер Шмейхель қайтара білді. Нәтижесінде жеңімпаз ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды.

Ойын соңындағы пенальтиде қақпашылардың нағыз шеберлігі сыналды. Хорватия құрамасының қақпашысы Субашич үш бірдей пенальти қайтарды. Әйгілі қақпашы Питер Шмейхельдің ұлы Каспер Шмейхель де қалысқан жоқ. Модричтің пенальтиін қоспағанда екі бірдей пенальтиді тосты. Даттар сапынан Кристиан Эриксен, Ласло Шоне және Николай Йоргенсен гол соға алмады. Хорваттардан Милан Бадель мен Йосип Пиварич қателесті.

Пенальти қорытындысы бойынша шақпақ жейделі құрама 3:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Бұл кезеңде Испанияны жарыс жолынан шығарған Ресеймен кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама