auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Хорватия Аргентина құрамасын ойсырата ұтты

Хорватия Аргентина құрамасын ойсырата ұтты
Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан командалар қарасы Хорватиямен толықты. "D" тобындағы екінші ойында шақпақ жейделі құрама Аргентинаны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 53 минутта қақпашы Вилли Кабальеро ойламаған жерден қателесті. Допты сәтсіз қайтарып қана қоймай, хорват ойыншысы Ребичтің аяғына салып берді. Футболшы допты бірден қақпаға бағыттап, гол соқты.



Аргентина құрамасы таразы басын теңестіру үшін алға ұмтылғанмен, гол соғатын оңтайлы сәтті таба алмады. Керісінше 80 минутта Лука Модричтің алыс қашықтықтан тепкен добы хорваттардың екі доп басымдығымен алға шығуына жол ашты. Бұл жолы да Кабальеро допты қайтаруға дайын болмай шықты.



Осы бір голдан кейін Иван Ракитичтің айып соққысынан тепкен добы да қауіпті болды. Қақпа бағанына тимегенде, қақпашының қайтаруы қиын еді.

Иван Ракитич өз дегеніне жетті. Қосымша уақытта гол соғып, хорваттардың қуанышын еселеді. Бұл кезде аргентиналықтардың қорғанысы сетінеп, ес жия алмай тұрған сәт еді... Есеп 3:0. Хорватия "D" тобында бірінші болып 1/8 финалға шықты.



Бұл топтағы ендігі ойын ертең Исландия мен Нигерия құрамалары арасында өтеді. Қазіргі таңда екінші жолдамаға осы құрамалар таласатын болады. Аргентина мен Исландияда бір-бір ұпайдан болса, Африка құрлығынан келген құрама қоржыны әзірге бос тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама