Сауд Арабиясы құрамасының футболшыларын Уругваймен Дондағы Ростовта өтетін матчқа тасымалдаған ұшақтың қозғалтқышында өрт шыққан. Төтенше жағдайдың видеосы Twitter желісіндегі
OKAZ_onlinе парақшасында жарияланды.
Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеген.
Бірақ кейінірек Сауд Арабиясы құрамасының баспасөз қызметі Twitter желісінде өрт жайлы хабарды жоққа шығарды.
"Жолаушылардың өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Ұшақ Дондағы Ростов әуежайына қонғанда ешқандай төтенше жағдай жарияланған жоқ. Қозғалтқышта өрт шықты деген мәлімет шындыққа жанаспайды", - деді әуе тасымалдаушы компаниясының өкілі.
Жарнама