Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Шведтер Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен ұтты
"F" тобындағы екінші ойында Швеция құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жалғыз пенальтиден соғылды.
Екі құрама арасындағы ойын Нижний Новгородта өтті. Бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасқан құрамалар екінші таймда гол соғуға асықты.
64 минутта кәріс жартылай қорғаушысы Ким Мин У өз айып алаңында хавбек Виктор Классонға қарсы ойын ережесін бұзды. Басында бас төреші Хоэль Агильяр пенальти белгілеген жоқ. Видеоқайталауды қарау нәтижесінде пенальти болады деп шешім қабылдады.
11 метрлік айып соққысынан Андреас Гранквист мүлт кеткен жоқ. Бұл гол шведтерге жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, кеше бұл топта Мексика құрамасы Германияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.
Жарнама