18 жастағы қазақстандық бұрымды футболшы Түркия біріншілігіне ауысты
Футболдан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы 18 жастағы Сабина Ргаева Түркияның жоғарғы лигасында өнер көрсетіп жүрген "1207 Антальяспор" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы футболшының мүддесін қорғап жүрген fiftywan inc компаниясының өкілі Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Ргаева бұрындары да "1207 Антальяспор" сапында болған. Жаңа командасы үшін ол 51-ші нөмірмен өнер көрсетеді. fiftywan inc регламенті бойынша, компанияның атынан бұл нөмірмен танымал спортшылар өнер көрсетеді екен.
Футболшының менеджері Динара Жағыпарованың айтуынша, 51-ші нөмір бос болмаған, алайда клуб президенті Сулейман Тюрк қазақстандық серіктестеріне осы нөмірді иемденуге рұқсат берген. Сондай-ақ Ргаеваға ресейлік және испаниялық клубтар қызыққан.
Қазақстанда Сабина "Астана 1964" және "Шахтер" клубтары үшін өнер көрсетті.
Айта кетейік, Ргаева Түркия чемпионатындағы клубпен келісімшартқа отырған бірінші қазақстандық қыз.

Суреттер instagram.com/mitiskas
Жарнама