Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Борттағы даудан кейін Андрей Аршавиннің жұбайын ұшақтан түсіріп тастаған

"Мәскеу-Алматы" рейсі жексенбіге қараған түні 1 сағат 43 минутқа кешіктірілді.


© ntv.ru
© ntv.ru

Танымал футболшының жұбайы Алиса Казьмина Мәскеуден Алматыға екі баласымен ұшып келмекші болған. Алайда бортта дау шығып, ол полиция бөлімшесінен бірақ шыққан, - деп хабарлады НТВ телеарнасы.

"Мәскеу-Алматы" рейсі жексенбіге қараған түні 1 сағат 43 минутқа кешіктірілді.

78.ru порталының мәліметтері бойынша, балаларымен бірге ұшуы тиіс болған Алиса Аршавина әуе кемесін бұру кезінде орнына отырып, белбеуді тағудан бас тартқан, қызметкерлердің ескертуіне құлақ салмай, салонда жүрген. Нәтижесінде ұшақ тоқтатылып, қызметкерлер әйелді жүктерімен қосып борттан түсіріп, полицейлерге тапсырған. Әуежайдағы дереккөздердің хабарлауынша, полицейлер оны көп ұстамай, біраз уақыт әңгімелескен соң босатқан. Алайда ұшақ Қазақстанға ұшып кеткен.

Футболшының әйелі оқиғаның қалай болғанын Dni.Ru порталына айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, экипаж мүшелері оған дөрекілік көрсеткен, Алисаның айтуынша, бизнес-класстағы әр билеттің құны 100 мың рубль тұрады.

"Біз салонға кіріп, өз орнымызға отырдық, ұшқыш 15 минут бөгелеміз дегенде балам мазасыздана бастады. Мен оның жөргегінен иістің шыққанын аңғарып, ауыстырмақшы болдым. Белбеуді тағу туралы белгі берілгенде, маған баланы сүртіп, жөргегін ауыстыру керек екенін айттым. Стюардесса маған екінші рет келіп: "Баланы осылай отырғызуыңызды бұйырамын" деді. Қызым жалаңаш болатын. Кейін аға жолсерік қағаз әкеліп, ұшақтың біз үшін кейін бұрылғанын айтты", - деді Андрей Аршавиннің жұбайы.

Айта кетейік, Аршавин 2016 жылы қыркүйекте үйленді. Алиса екеуі үш баланы тәрбиелеп отыр, оның біреуі ортақ қыздары, қалған екеуі әйелінің бұрынғы некеде туған балалары. Қазан айында Алиса ажырасуға өтініш беретінін мәлімдеді, алайда ол көзіне шөп салған жолдасын кешірген.

  Пікір: 0
  0