Германия құрамасының және "Бавария" клубының қақпашысы Мануэль Нойер Чемпиондар лигасының ширек финалында мадридтік "Реалмен" өткен қарымта ойында аяғының табан бөлігін сындырып алды, - деп хабарлайды
"Р-Спорт" мюнхендік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Нойердің қай кезеңде жарақат алғаны жазылмаған. Қақпашы ойынды толығымен өткізді.
Еске салайық, Мадридте "Реал" командасы "Баварияны" қосымша уақытта 4:2 есебімен жеңді. Екі кездесудің қорытындысы бойынша испаниялық клуб жартылай финалға шықты.
Жарнама