Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Голландия чемпионатында кезекті матчті өте сәтті өткізіп, "Хераклес" командасына "Ден Хааг" клубын жеңуге көмектесті. Эредивизидің 15-ші тур қорытындысы бойынша, ол WhoScored.com тұжырымынша үздік ойыншылар құрамасына кірді.
Өткен ойында Меркель бір гол салды және нәтижелі пас берді, ал оның командасы 4:0 есебімен жеңді. Қазақстандық хавбекке WhoScored.com статистикалық порталы 9,0 балл берді - ол 55 пас берді, екі рет фол жасады және 79 рет допқа аяғы тиді (ойындағы ең жоғары көрсеткіш).
Осылайша, "Хераклес" чемпионатта жетінші рет жеңіп, 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші келеді. Ал Меркель 15 матчте екі гол салды және үш ассист жасады.
Жарнама