"100 мың доллардан асады". ҚПЛ командасына ауысатын шет елдік қақпашының жалақысы белгілі болды

©"Тобыл"ФК

Футболдан Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Эмиль Балаев қазақстандық "Тұран" сапына ауысатын болса жылына 120 мың доллар жалақы алады, деп жазады Sportinfo.az порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 27 жастағы қақпашы бұдан да үлкен жалақы қалаған. Бірақ ол түркістандық командамен келлісөз барысында клуб ұсынған жалақыға келіскен. 

Ал әзірбайжандық "Карабах" командасының бас бапкері Гурбан Гурбанов Балаевты Қазақстанға жіберуге дайын екен. Алайда "Тобылдың" бұрынғы қақпашысы командадан дәл қазір кете алмайды. Өйткені, "Карабахтың" негізгі қақпашысы Шахруддин Магомедалиев жарақатынан емделіп, әлі қатарға қосылған жоқ. 

Дереккездің айтуынша, "Тұран" командасының бас бапкері Владимир Газзаев осы Балаевтың негізгі қақпашы ретінде қарастыруда. 

Айта кетейік, бұған дейін Балаевқа "Ақтөбе" командасы тағы қызығушылық білдірген. Бірақ ол кезде "Карабах" командасы ұсыныстан бас тартты. 

Еске салайық, Балаев 2019 жылы Қазақстан біріншілігінде өнер көрсеткен. Ол "Тобыл" намысын қорғап, 31 ойында 22 гол жіберген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport