auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға баратын үшінші спортшымыз белгілі болды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға баратын үшінші спортшымыз белгілі болды
bnews.kz
9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Осыған дейін еліміздің атынан төртжылдықтың басты додасына бірде-бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ару қатыспаған. Пхенчханда екі бірдей мәнерлеп сырғанаушы аруымыз бақ сынайтын болады.

Пхенчхандағы ақ Олимпиадаға Қазақстаннан үш мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Ерлер арасында Денис Тен болса, қыздар арасында Элизабет Тұрсынбаеваның баратыны белгілі еді. Себебі сәуір айында Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында 9-орын алған Элизабет ел қоржынына екі бірдей жолдаманы салған-ды. Кеше аяқталған ел чемпионатының қорытындысы бойынша екінші жолдамамен Олимпиадаға Айза Иманбек баратын болды.

Пхенчханға баратын жолдамаға Жансая Адыханова да таласқан. Әйтсе де өз жаттығуларын толықтай сәтті орындап шыға алмады. Ал жақында ғана жарақатынан емделіп, жарыстарға қайта оралған Айза шеберлігін танытты. Дегенмен ел чемпионатының алтын жүлдесін Алана Тоқтарова жеңіп алды. Ол небәрі 14 жаста болғандықтан ақ Олимпиадаға қатыса алмайды. Айза – күміс, Жансая қола жүлдені еншіледі.

Айза Иманбек Олимпиадаға дейін Абу-Дабидегі "FBMA Trophy" халықаралық турниріне қатысады. Одан кейін Элизабет Тұрсынбаевамен бірге "Төрт құрлық чемпионатына" аттанатын болады.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея жеріндегі қысқы Олимпиада ойындарына (9-25 ақпан аралығы) әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстандық спорт делегациясы Пхенчхандағы додаға 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шана спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул) секілді спорт түрлерінен отандастарымыз бақ сынайтын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
20 шілде 2022, 09:26
Мәнерлеп сырғанау
©Reuters Төрт құлық чемпионы карьерасын аяқтады
22 маусым 2019, 12:11
Мәнерлеп сырғанау
© vesti.kz Алматыда Денис Тен ескерткіші ашылды

Жарнама

Жарнама