auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қыздарымыз әлемдік рейтингте үздіктер қатарында

Қыздарымыз әлемдік рейтингте үздіктер қатарында
©olympic.kz
Әлемдік рейтингте көш бастаған балуандардың тізімі жаңарды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Әйелдер күресінен 48 келіде ел намысын қорғайтын Жұлдыз Эшимова үздік бестікке жетпей 6 орынға табан тіресе, бұл салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы Эри Тосака көш бастап тұр. Мария Стадник екінші орын, қытайлық Сун Юнань үздік үштікті қортындылап тұр.

Өкінішке қарай, 53 келіде балуан қыздарымыз әлемдік рейтинке ілінбей қалған. Ал бұл салмақта Риода сенсация жасап, Саори Ёсиданы қапы қалдырған Хэлен Мауролис көш тізгінін бастап тұр. Тиісінше Саори Ёсида екінші орында тұрақтаған.
55 келіде белдесетін Айым Абдылдина, осы салмақта әлемдік рейтингте төрінші орынға тұрақтап тұр. Айымдың алдын әлем чемпионы Маю Мукайда,  ресейлік Ирина Ологонова және 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Даваасух Отгонцецег орап кеткен.

58 келі де қыздарымыз әлемнің үздік балуандарының қатарына қосыла алмапты. Бұл салмақтың үздіктері мынандай: Көш басында жапондық Каори Ичо – Рио Олимпиадасының чемпионы. Екінші орында Валерия Коблова-Жолобова – Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Үш пен төртінші орынды Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Марва Амри (Тунис) мен Сакши Малик (Үндістан) жайғасса, үздік бестікті қырғызстандық Айсулуу Тыныбекова қортындылап тұр.

60 келідегі Аяулым Қасымова үздік бестікке ілінсе, бұл салмақтың үздігі әлем чемпионы қытайлық Ксингру Пей, екінші орында америакалықЭлисонРаган,  үшінші, төртінші орындарды әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Эрмес Барка мен Линда Морайс жайғасқан.

63 келіде Риода атой салған Екатерина Ларионова үздік үштікте тұрақтаған екен. Рио Олимпиадасының жеңімпазы Рисако Кавай мен күмісті місе тұтқан Мария Мамащук алдыңғы қатарда орналасқан. Ресейлік Инна Тражукова мен Моника Ева Михалик үздік бестікті қортындылап тұр.

Жапондық Рио Олимпиадасының чемпионы Сара Доша 69 келіде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрса, Эльмираны ұтқан ресейлік Наталья Воробьева екінші сатыдан орын алған. Үздік үштікке Жэнни Франссон жайғасса, Эльмира Сыздықова төртінші орында. Ал Сыздықовадан жеңілген Энас Ахмед бесінші орынға тұрақтаған.

75 келіде Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Гузель Манюрова әлемдік рейтингте Рио Олимпиадасының финалында есе жіберген, Ерика Вибден кейін екінші орынға жайғасқан. Үздік үштікті қытайлық Жанг Фенглиу бастаса, төртінші бесінші орынға Екатерина Букина мен Василиса Марзалюкорныққан екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
21 тамыз 2021, 11:33
Қыздар күресі
©сурет: olympic.kz Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды!

Жарнама

Жарнама