Англия
11 ақпан 2019 10:58
 
"Манчестер Сити" өз алаңында "Челсиді" ойсырата жеңді

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Сити" өз алаңында "Челсиді" ойсырата жеңді © Reuters

"Манчестер Сити" футболшылары "Челсиді" ағылшын премьер-лигасының 26-турында ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Этихад Стэдиумда" өткен ойын 6:0 есебімен аяқталды. Бірінші кезеңнің төртінші минутында Рахим Стерлинг ерекше көзге түсті, 13-ші және 19-шы минутта Серхио Агуэро, ал 25-ші минутта Илкай Гюндоган гол соқты.

Екінші кезеңде "Челси" қақпасына тағы екі гол соғылды. 56-шы минутта пенальтиді жүзеге асырған Агуэро хет-трик жасады, ал 80-ші минутта Стерлинг өзінің екінші добын соқты.

"Сити" сапында өнер көрсетіп жүрген 22 жасар Александр Зинченко екі рет нәтижелі пас шығарды. Украина құрамасының жартылай қорғаушысы осы маусымда төртінші рет АПЛ негізгі құрамасына шығып, Агуэро мен Стерлингтің гол салуына көмектесті. 

65 ұпаймен " Сити "бірінші орынға шығып," Ливерпульді" басып озды. 50 ұпаймен "Челси" бесінші орында келеді. Ағылшын премьер лигасында "Челси" осымен үшінші рет ірі есеппен жеңіліп отыр. 

Жарнама

Живи спортом!