auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

FA дөрекі қылық көрсеткен "Уотфорд" ойыншысын жазалаудан бас тартты

FA дөрекі қылық көрсеткен "Уотфорд" ойыншысын жазалаудан бас тартты
"Уотфорд" шабуылшысы Трой Дини Англия премьер-лигасының 26 турында "Челси" (4:1) қақпасына соққан голынан кейін, әдепсіз қылық танытқаны үшін жазадан құтылды, - деп хабарлайды Sky Sports Ағылшын футбол ассоциациясының өкілінің сөзіне сілтеме жасап. 

Кездесудің 42-ші минутында "Челси" қақпасына 11 метрлік айып добы тағайындалды. Оны команда капитаны Дини сәтті орындады. Осы сәттен кейін шабуылшы қуаныштан трибунаға ортаңғы саусағын көрсетті.

"Дини "Челсимен" өткен ойындағы қылығы үшін жазаланбайды. Ойында оған қызыл қағаз көрсетілуі керек пе деген мәселені шешу үшін ойынның видеосы қаралды. Футбол саласының ресми өкілдерінің ойы екіге жарылды, сол себепті команда капитанын жазаламау керектігі айтылды. Соған қарамастан ойыншыға болашақта осындай қылықтың қайталанбасы үшін ескерту хаты жолданды", - деді FA өкілі. 

Осыған дейін ойыншының әрекеті үшін 29 жастағы форвард бірнеше ойынға қатыспауы мүмкін екені айтылған еді. Осы маусымда Дини 16 ойынға қатысты,  3 рет гол салып, екі рет нәтижелі пас шығарды. Үш голды да пенальтиден салды.

Ойын 4:1 есебімен "Уотфорд" пайдасына шешілді. Алаңда он ойыншымен өнер көрсеткен "Челси" Ағылшын чемпионатында осымен екінші рет ірі есеппен жеңіліп отыр. Осының алдында олар "Бормунттан" 3:0 есебімен жеңілген еді.

Осы ойыннан кейін "Челси" жалпы есепте төртінші орында тұр. "Уотфорд" 11-ші орынға көтерілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
28 наурыз 2023, 09:17
Англия
©Chelseafc.com "Челси" стадионда ауызашар берді

Жарнама

Жарнама