auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Манчестер Сити" маусымда алғаш рет ұтылды

"Манчестер Сити" маусымда алғаш рет ұтылды
ftbl.ru
Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" футбол клубы 2017/2018 маусымдағы ағылшын премьер-лигасында алғаш рет ұтылды. Жеңіліссіз келе жатқан команда ХХІІІ турда "Ливерпульге" есе жіберді.

"Энфилд" стадионында өткен ойын нәтижелі болды. Кездесуде Юрген Клопп жаттықтыратын алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті.

9 минутта  Алекс Окслейд Чемберлен "Ливерпульді" алға шығарды. Алайда бірінші тайм аяқталғанша "Манчестер Сити" есепті теңестіре білді. 59 минутта Роберто Фирмино алаң иелерін алға шығарды. Араға екі минут сала Садьо Мане қонақтар қақпасына үшінші голды тоғытты. 68 минутта қақпашы Эдерсонның қателігін ұтымды пайдаланған Мұхаммед Салах есепті 4:1-ге жеткізді.

Ойын аяқталар уақытта "Манчестер Сити" қамшы басты. 84 минутта ойынға жаңадан қосылған Бернарду Силва есепті қысқартты. Ал негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттардың бірінде Илкай Гюндоган "қалалықтардың" ойындағы үшінші голын соқты.



ХХІІІ турдан 62 ұпай жинаған "Манчестер Сити" көш бастап келеді. Екінші орында тұрған "Манчестер Юнайтедтен" 15 ұпайға озып тұр. "Қызыл сойқандар" бүгін түнде (Астана уақытымен түнгі сағат 02:00-де) Сток Ситимен кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
28 наурыз 2023, 09:17
Англия
©Chelseafc.com "Челси" стадионда ауызашар берді

Жарнама

Жарнама