auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Boxing Day жайлы не білеміз?

Boxing Day жайлы не білеміз?
Футбол ойыны мен осы спорт түріне қатысты термин көп. Бірін білсеңіз, бірін білмеуіңіз бек мүмкін. Ал бұл спорт түрін жақсы көретін жандар үшін көпшілігі таңсық емес болар. Әйтсе де сіз білмейтін, білсеңіз де сіз ойлағаннан өзге терминдер баршылық. Соның бірі – Boxing Day.

Бұл термин ағылшын премьер-лигасына қатысты. Футболсүйер қауым Boxing Day десеңіз, түсіне қалады. Алайда көпшілігі бұл терминді қате түсініп жатады.

Жаңа жылға 10 күндей уақыт қалғанда ағылшын премьер-лигасындағы командалар 3-4 ойын өткізеді. Жанкүйерлер қатарынан өтетін осы бірнеше тур ойындарын Boxing Day деп ойлайды. Ал шын мәнінде Boxing Day деп 26 желтоқсан күні өтетін ойындар ғана аталады.

Рождество мерекесінің ертесіне ағылшын отбасылары бір-біріне қорап-қорап сый жасайды. (Boxing Day терминін аударғанда да «Қорап мерекесі» деген ұғымға саяды). Ал түс ауа отбасымен, достарымен стадионға ойын көруге, сүйікті командасын қолдауға барады.

Boxing Day – ағылшындардың айрықша футбол мерекесі. Осы күні өтетін ойындарды олар Чемпиондар лигасы мен әлем чемпионаты кездесулерінен кем көрмейді. Бір жылдары Boxing Day турын алып тастау туралы бастама көтергендер де болған. Бірақ бұл тур ойыны ағылшын премьер-лигасының дәстүріне айналғалы, қашан?!

26 желтоқсан күні Англияда алғаш рет футбол ойыны 1860 жылы "Шеффилд" пен "Халл" командалары арасында өткен. Ал ағылшын футболы күнтізбесіне бұл күні бір турдың ойындарын белгілеп, Boxing Day деп атау 1957 жылы тіркелген.

Бүгін өтетін Boxing Day ойындары:

"Тоттенхэм" - "Саутгемптон"

"Челси" - "Брайтон энд Хоув Альбион"

"Борнмут" - "Вест Хэм Юнайтед"

"Вест Бромвич Альбион" - "Эвертон"

"Уотфорд" - "Лестер Сити"

"Манчестер Юнайтед" - "Бёрнли"

"Хаддерсфилд Таун" - "Сток Сити"

"Ливерпуль" - "Суонси"
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
28 наурыз 2023, 09:17
Англия
©Chelseafc.com "Челси" стадионда ауызашар берді

Жарнама

Жарнама