auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Винокуров Бельгиядағы сот жайлы: Адвокатымызбен барып, бұл мәселені шешеміз

Винокуров Бельгиядағы сот жайлы: Адвокатымызбен барып, бұл мәселені шешеміз
© РИА Новости
"Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Vesti.kz порталына берген сұхбатында Льеж қаласында қылмыстық сот алдында жауап беретіні туралы пікір білдірді.

Айта кетейік, екі шабандоз да мұны жоққа шығарды. Еске салайық, қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев белгиялық Льеж қаласының қылмыстық сотында жауап бередідеген мәлімет тараған еді. Сот отырысы 13 наурызда өтеді. Спортшыларға келісіп жарысқа түсті деген айып тағылды. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен.

"Бұл жерде талқылайтын ештеңе де жоқ. Бельгияда сот тыңдалымы тағайындалды. Бұл мәліметті белгиялық сот таратқан да шығар. Сол себепті де Қазақстанда дау-дамай болатындай ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Бұл жерде жаңа ештеңе жоқ.осы мәселе жайлы мен бірнеше рет өз ұстанымымды жеткіздім. Ешқандай келісушілік болған емес, сатып алу немесе басқа бірдеңі болған жоқ. 13 наурызда адвокаттармен бірге сонда барып, осы мәселені тыңғылықты жабамыз", - деді Винокуров.

Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді, - делінген мақалада. 

Ресейлік Александр Колобнев 2017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялады. Александр Винокуров 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама