Қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев белгиялық Льеж қаласы қылмыстық сотында жауап береді, - деп хабарлайды Sudinfo.be.
Сот отырысы 13 наурызда өтеді. Спортшыларға келісім жарысқа түсті деген айып тағылды. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен. Екі шабандоз да мұны жоққа шығарды.
Загрузка матч-центра...
Жарнама