auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Фульсанг Луценконың "Алматы турында" неге көшбасшы болатынын және "Астананың" ауызбіршілігі жайлы айтып берді

Фульсанг Луценконың "Алматы турында" неге көшбасшы болатынын және "Астананың" ауызбіршілігі жайлы айтып берді
Якоб Фульсанг. Фото Vesti.kz©
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дат, "Астана" лидерлерінің бірі Якоб Фульсангтың командаласы Алексей Луценкоға грегари болуға дайын. Vesti.kz  тілшісіне берген сұхбатында Фульсанг "Алматы турына" қандай жоспар құрып отырғанын және қазақстандық команданың келесі маусымға қалай дайындалы жатқанын айтып берді.

- Якоб, жарақат алғаннан кейінгі бірінші жарысың таяудағы Канадада өткен жарыс болды. Қазіргі дайындық күйің қалай?

-  Дәл айту қиын. Бірінші жарысым Канадада болды, онда да өз деңгейімде болмадым. Бірақ үйде жақсы жаттықтым. Енді Алматыда жақсы күйде боламын деп ойлаймын. Әсіресе жарыстың таулы аймақта болатыны жақсы, қалпыма келуіме септігін тигізеді. Жақсы жарысамын деп ойлаймын. 

- Алексей Луценкомен жарыс барысында бірге капитан болуға дайынсың ба?
- Дәл қазір ол маған қарағанда жақсы күйде. Әлем чемпионатында тоғызыншы орын алған ол өте жақсы қалпында екенін көрсетті. Мұның алдында ол "Вуэльтада" кезең жеңімпазы атанды. Сондықтан ол көшбасшы болады деп ойлаймын. Ол жарыс кезінде бізге көмектескен, енді жақсылығын қайтарамыз. Міне, осы себепті де "Астана" ауызбіршілігі бар команда. Жеңістерімізге осындай командалық жұмыс арқылы жетеміз.



- Тасжолмен танысып шықтың ба?
- Иә, бірінші күні-ақ тауды көруге бардық. Жігіттер осы маршрут жайлы айтқан болатын, сондықтан таныстым деп айта аламын. Бірінші кезең өтетін жолдарды да қарап шықтым, не күту керек екенін білемін.

- Сеніңше "Алматы туры" күндердің бірінде Про-тур статусына дейін көтерілуі мүмкін бе?
- Иә, әрине. Таяуда үш аптаға Қытайдағы жарысқа аттанамын. Сондықтан Қазақстан Еуропадан алшақ деген сөздің мәні жоқ. Жарыс үшін Қытайға ұшып бара алатын болсаң, Алматыдағы жарысқа да бара аласың деген сөз. Мұнда жол жақсы, тау бар. Биыл "Алматы туры" алғаш рет екі күн бойы өтеді, сондықтан оны ұзағырақ қылуға да болады деп ойлаймын. Бірақ оның күнтізбесіне пролог және аралық уақыт жарысы енгізу қажет.

- "Қытай турынан" өзге осы маусымда тағы қандай жоспар бар?
- Ауыз толтырып айтарлықтай жоспар жоқ. Италияда "Милан - Турин" және "Ломбардия" жарыстарына қатысамын да, Қытайға ұшып кетемін. Сосын үйде, отбасым мен достарымның ортасында демаламын. Қызым өсіп келеді, ата-әжесіне апару керек.



- "Астанамен" келісімшартыңды ұзартпауың мүмкін деген қауесеттер болды, бірақ сен тағы екі жылға қалдың. Мұндай шешімге қалай келдің? Қос капитанның бірі болу мүмкіндігі ме?
- "Астана" сияқты командада екі капитан болуы керек. Үш Гранд-тур бар, бір капитан оның барлығына да үлгермейді. Бірақ өзге командалардан ұсыныс болғанын жасырмаймын, олар да баруға тұрарлық командалар. Алайда мен "Астанада" бес жыл болдым ғой, осы командамен кәсіби спортшы ретінде өстім, қазір де өзімнің ең сәтті деген маусымымды өткізіп жатырмын, "Критериум Дофинеде" жеңіске жеттім, командаластарым маған сенеді. Сондықтан осында қалғаным дұрыс деп ұйғардым. Қалғаныма өзім де қуаныштымын.

- Фабио Ару әлі де "Астанамен" келісімшартын ұзартты. Ол кетсе, негізгі лидер болуға дайынсың ба? Себебі Мигель Анхель Лопес әлі жас, тәжірибесі де аз.
- Келесі жылы "Тур де Франсқа" бас капитан ретінде қатысқым келеді. Гранд-турлардың ішінде мен үшін ең үздігі осы жарыс. Алайда әзірше келесі маусымға бекітіп қойған жоспар жоқ. Лопеске келсек, ол жас, бірақ күшті. Оның қандай жетістіктерге жететініне әлі де көп куә боламыз деп сенемін. Ол командада лидер болуға дайын деп ойлаймын, мәселен "Джиро" жарысында.



Еске салайық, биыл мерейтойлық, бесінші тур тұңғыш рет екі күн бойы өтеді - 30 қыркүйек және 1 қазан.  29 қыркүйекте Республика Сарайының алаңында қатысушы командалардың таныстырылымы өтеді. Басталуы сағат 20:00-де.

Суреттер Vesti.kz©
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама