Велоспорт
20 қыркүйек 2017 12:01
 
"Тау королі" немесе "Алматы туры" велододасында тағы қандай жейделер ойнатылады?

  Пікірлер

blog.share

"Алматы туры" велододасының жарыс бағдарламасын екі кезеңге кеңейту велошабандоздарға бірден бірнеше классификацияда жарысуға мүмкіндік береді. Алматылық стартта тұңғыш рет "тау королі" анықталады. Негізгі ұпайлар "Медеудегі" бірінші категорияға жататын тауға көтерілетін жолы бар жаңа кезең кезінде жиналады. Мұның мән-жайы жайлы Vesti.kz мақаласында сөз өрбітсек.

"Алматы туры" лидерінің жейдесі тұңғыш рет 2016 жылы табысталған еді. Бұл өткен жолғы веложарыстың жаңалықтарының бірі. Ал оны бірінші болып киіп көрген қазақстандық - "Астана" велокомандасының өкілі Алексей Луценко болды. 

Енді үздік әр кезең аяқталған соң анықталып отырады. Яғни, "Алматы туры" бұл тұста әлемдік стандарттарды ұстанады. 

Биыл жарыс бағдарламасының екі кезеңі, сонымен қатар, түрлі ландшафт - тегіс жолдан тауға көтерілетін жеріне дейін - жеке жүлделердің тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Енді велоспорттың бірнеше түрінде жарысатын спортшылар бірден сайысқа қатыса алады. Спринтер болса да, жоғарыға көтерілуге маманданған спортшы болса да - ұпайды бірінші кезеңде жинай алады. 

Жаңалықтардың бірі - "тау королінің" жейдесі. Бірінші кезең кезінде "таулықтар" аралық мәре тұсында ұпай жинай алады. Бұл нүкте қашықтықтың 32-ші шақырымында орналасады, мұнда келген алғашқы төрттік бес, үш, екі және бір ұпайдан алады. 

Тауға шығу шеберлерінің негізгі сайысы "Алматы турының" екінші кезеңінде болады. Тау классификацясында төрт бірдей аралық нүктеде ұпай жинап алуға болады -  34,7, 68,8, 99,5 және 156,7 шақырымдарда.

Төзімділік сынға түсетін басты сәт пен веложарыстың жалпы шарықтау шегі "Медеуге" көтерілудегі жолда болады, оның қашықтығы 15 шақырым. Бұл "шың" шығу қиындығы жағынан бірінші категорияға жатқызылған (градиенті 7 пайыз), бұл тауға шығуға маманданғандардың арасында жинайтын ұпай санын арттырады. Шешуші аралықтың максималдық биіктігі теңіз деңгейінен 1 700 метр деңгейінде. Дәл осында бүкіл бір велододаның тағдыры шешіледі деп күтіліп отыр.    

Өз кезегінде спринтерлер ұпай классификациясына таласады. Аралық мәрелер екі кезең кезінде, белгілі бір айналымдарда орналасады. "Үздік белсенді жарысушы" жасыл түсті жейде киеді. 

Арнайы классификацияға қазақстандық велошабандоздар қатыса алады. Бұл жарыста үздік болған спортшы "Ұлттық" жейде киеді, оның дизайны елдің басты түстеріне сәйкес болады.  

Еске салайық, "Алматы туры" кәсіпқой велододасы 2013 жылдан бері өтіп келеді. Биыл мерейтойлық, бесінші тур алғаш рет екі күн бойы өтеді - 30 қыркүйек және 1 қазан. 29 қыркүйекте Республика Сарайының алдындағы алаңда қатысушы командалардың таныстырылымы өтеді. 

Веложарыссүйер қауымға спортшылармен бірге әуесқой жарыстар, конкурстар және ұтыстар ойнатылады - бұл шаралар 28 қыркүйекте өтеді. 

Суреттер "Алматы туры" ұйымдастырушыларынан

Жарнама

Живи спортом!