Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Луценко "Вуэльтаның" бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Ол карьерасында Гранд-тур кезеңінде тұңғыш рет жеңіске жетті.


Алексей Луценко. © "Астана" баспасөз қызметі
Алексей Луценко. © "Астана" баспасөз қызметі
"Астана" велокомандасының мүшесі қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко "Вуэльтаның" бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Беникассимнен Алькосебреге дейінгі 175,7 шақырым қашықтықты Луценко 4 сағат, 24 минут және 58 секундта өтті. Екінші болып мәреге Dimension Data өкілі Мерхави Кудус келсе, үштікке Movistar спортшысы Марк Солер ілінді. "Астана" капитаны Фабио Ару 20-шы болып келді.

Айта кетейік, 24 жастағы Луценко Гранд-тур кезеңінде карьерасында тұңғыш рет жеңіске жетіп отыр.

Ару "Вуэльта" бас классификациясында көш бастап келе жатқан Sky өкілі Крис Фрумнан 49 секундқа қалып, жетінші болды.
  Пікір: 0
  0