Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Футболдан ҚР Кубогының 1/8 финалындағы ойындар аяқталды. Еліміздің әр өңірінде өткен ойындары қорытындысы бойынша ширек финалға шыққан 8 команда белгілі болды.
Өткен жылы ел кубогын жеңіп алған "Қайрат" Көкшеатуда "Оқжетпеспен" ойнады. Аса тартысты өткен кездесуде алматылық ұжым алаң иелерін 5:3 есебімен ұтты. Ойында команда капитаны Бауыржан Исламхан хет-трик жасаса, Магомед Парагульков пен Вячеслав Швырев бір-бір голдан еншілеріне жазды. Ал көкшетаулық команда қатарынан Артем Касьянов, Казбек Гетериев пен Ренат Абдулин гол соқты.
Елордалық "Астана" ел кубогы жолындағы жарысты ерте аяқтады. Команда Жетісайда "Махтаралға" қарсы өткен ойынға қосалқы құрамы мен жас ойыншыларын ала берді. Нәтижесінде 3:1 есебімен есе жіберді.
"Астана" өткен жылы да 1/8 финалда "Жетісудан" жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын.
Шымкенттік дербиде "Ордабасы" "Қыранды" ойсырата ұтты. Есеп 6:0. Виталий Ли мен Мардан Төлебек дубль жасады. Қайрат Әшірбеков пен Джамбули Джигаури бір-бір голдан соқты.
"Қыран" командасы 22 минуттан бастап 10 ойыншымен ойнады.
Қызылордада "Қайсар" "Ақтөбені" 2:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Алаң иелері сапынан Валерий Коровкин мен Тоқтар Жаңғылышбай гол соқты.
Дәл осындай ойын сценарийі Қостанайда да қайталанды. "Тобыл" өз алаңында "Жетісуді" 1:0 есебімен ұтты. Алаң иелерін ширек финалға алып шыққан голды 65 минутта Бауыржан Тұрысбек пенальтиденсоқты.
"Тараз" – "Ертіс", "Шахтер – Қызылжар" командалары арасындағы ойындарда гол соғылмады. Нәтижесінде ширек финалға шыққан командалар ойын соңындағы пенальти сериясы бойынша анықталды. "Ертіс" пен "Шахтер" командасы қарсыластарынан басым шықты.
Жарнама